Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: “Қазақмыс” жұмысшылардың жалақысын көтеруге келісті

Тамара Дүйсенова корпорация басшылығы қазір тиісті құжатқа қол қою мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Қазақмыс” корпорациясы мен кәсіпорын басшылығы арасындағы келіссөздер аяқталып қалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

“Келіссөздер аяқталып қалды. Жалақыны көтеру жөнінде мәселе болды, жұмыс беруші келісіп отыр, қазір қол қою жағын қарастырып жатыр”, — деді Дүйсенова журналистерге.Қарашаның соңында Қарағанды облысының әкімдігі Оңтүстік Жезқазған кеніші мен “Қазақмыс” корпорациясы басшылығы арасында еңбек дауы туындағанын хабарлаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

ЭКСПО-ны салған құрылысшылар жалақыларын әлі алғаман

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

Талқылау