Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қар көшкінінен аман қалған сарбаздардың денсаулығына қатысты пікір білдірді

16.02.2017 жыл. Сағат 15.44-те Жамбыл облысының тұрғындарына осындай мазмұндағы хабарлама келген. Яғни,  Жамбыл облысында емес,  ОҚО 16-18 ақпан аралығында көшкін жүру қатері ескертіліпті.  Жамбылдықтар, ОҚО қатысты ауа райы мәліметтерінің өз телефондарына хабарлама арқылы келе беретінін айтады. Оған себеп Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданы мен ОҚО қарасты Түлкібас ауданы шекаралас, яғни апат болған Көксай шатқалы екінші облыс территориясына да жақын деген сөз. Ал, Жамбыл облысының аумағында қар көшкіні болуы мүмкін деген ескертпе болмаған.

министр здр

Бұл туралы 31 арнаның “Сөздің шыны керек” бағдарламасында айтылды.

“Төтенше жағдайлар және Қазгидромет тарапынан жауын-шашын болатыны туралы ескерту келді. Ал, қар көшкіні жөнінде айтылмаған. ОҚО қар көшкіні болуы мүмкін делінген”, – дейді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

13.15-те Жуалы ауданына қарасты Көксай шатқалында қар көшкіні жүріп, қар астында 23 әскердің қалғаны туралы  алғашқы хабар қорықшыдан түседі. Ол кісіге төтенше жағдай туралы ақпарды гүрілдеп келген көшкіннен қашып құтылған Айбек Еділбаев жеткізген.

“Төртеуміз аман қалдық. Екеуі тауда-етін, екеуміз қашып үлгердік, төртеуміз аман қалдық”, – дейді ол.

Яғни 23 жауынгердің бірі Камаз көлігінде болып, аман қалған. Айбектің қасындағы ефрейтордан өзге екі сарбаз керілген арқанды алуға жоғары шығып кеткен. Өйткені, қар көшкіні болардың алдында ғана таудағы  жаттығуларын аяқтап қалған екен. Қар көшкінінің келе жатқанын айтып үлгерген де төбедегі сол екі жігіт. Сөйтіп осы бес сарбаздан өзге 17 жауынгер қар астында қалады.

“Бәріміз круг боп тұрғанбыз. Сол уақытта мен артқа қарай қашып үлгердім. Ол балалардың барлығы тасқа қарай жүгірді. Қырға шығып қарасам, қасымда тек қана ефрейтор Әсембеков екеуміз ғана тұрмыз”, – дейді Таулы егер ротасының командирі Айбек Еділбаев.

Төтеншеліктер келгенше қаруластарын қорықшымен бірге сол кісі әкелген күрекпен қардан аршып алуға өздері әрекет жасауға тырысады.  Құтқару қызметі келгеннен кейін төбедегі екі жігіт төмендегі сарбаздардың айнала тұрған орнын көрсеткен. Алайда, көшкінмен келген 8 метрлік қарды аршу қиындық тудырып, құтқару қызметі сағат 17.00-(бес)тің кезінде қар астынан алғашқы 4 сарбазды аршып алады.  Екеуі – қайтыс болып кеткен. Кейін бұл қаралы тізім жетеуге жетті.

Ал, қар астында бес сағат бойы жатып, әупірімдеп аман қалған сарбаздардың қазіргі жағдайы қалыпты, – дейді дәрігерлер.

“Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Тау қателікті кешірмейді! Әр тасының тілін білетін еліміздегі таулы аймаққа арналған  жалғыз таулы орманшы полкінің сарбаздары білетін қағида еді бұл. Сондықтан бұл жағдайға – қатардағы табиғи апат деп  қарауға болмайды дейді депутат Бақытбек Смағұл.

Жіберіп алмаңыз:

Сарбаздары қаза тапқан Жамбылдағы әскери бөлім басшыларына ауыр айыптар тағылуы ықтимал

7 сарбаздың өмірін жалмаған қар көшкініне қатысты жаңа дерек пайда болды

Қара жамылған шаңыраққа аяқ киіммен кірген министр мен әкім сынның астында қалды (фото)

Талқылау