Министр интернеттің бұғатталғаны туралы ақпаратты тексеруге уәде берді

Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мереке күндері елімізде интернеттің бұғатталғаны туралы ақпаратты тексеруге уәде берді. Бұл туралы ол мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өз сөзінде министр аталған мәселеге қатысты журналистерден сауал түскенін айтты. Тексеру жүргіземіз, дейді ол.

«Қазіргі уақытта интернет жұмыс істеп тұр. Бәрі жақсы ғой», - дейді Жұмағалиев. 

Сонымен қатар ол Қазақстан президентін сайлау өтетін күні мұндай қиындықтар болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. 

«Барлық азамат пен заңды тұлғаларды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз», - дейді министр.  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр