Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр елімізде ұшақ билеттерінің арзандайтынын айтып сүйінші сұрады

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту ұшақ билеттерінің арзандауына ықпал етеді, деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

maxresdefault

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оның айтуынша, ұшақ билетінің бағасы әуе жанармайының құнымен байланысты. Қазір Қазақстанға 800 мың тонна көлемінде әуе жанармайы қажет. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты 300 мың тонна өндіреді, ал бұл жеткіліксіз. Осыған орай Қазақстан қалған жанармайды Ресейден жеткізеді, ал бұл өз кезегінде ұшақ билетінің бағасына ықпал етеді.

“Энергетика министрлігі хабарлағандай, биылғы жылдың соңына дейін зауыттарды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Келесі жылдан бастап, қажетті жанармай көлемін алатын боламыз. Билеттер арзандайды”, — деді Қасымбек БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, ұшақ билеті бағасының 30-35%-ын әуе жанармайының бағасы құрайды. Жанармайдың арзандауы бұл цифрді 20-25%-ға төмендетеді.

Оқи отырыңыз:

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Талқылау