Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Дүйсенова ауыл жастарына тиіскен Божконы орнына қойды

Министр депутаттың даулы мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Владимир Божконың неліктен ауыл жастарына киліккенін білмей таңқалды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

news1474515080

Айтуынша Қазақстан азаматтарының ел ішінде көшіп-қонуы заңды құқықтары. Үлкен қалалардағы бос жұмыс орындарына, оқуға ауыл жастарын тарту керісінше мемлекет саясаты дейді министр.

Мәжіліс вице-спикері Владимир Божконың ауыл жастарының қалаларға көшін тоқтату туралы бастамасы заңға қайшы. Тамара Дүйсенова әріптесінің не себепті бұндай даулы мәлімдеме жасағанын білмейді. Бір анығы депутаттың кешегі зілді сөзі, Дүйсенованың бүгін үкіметке әкелген көші-қон туралы заң тұжырымдамасымен да қарама-қайшы екен.

“Мен енді ол кісінің айтқанына комментарий бере алмаймын. Бәлки, басқа мәселеде айтылған болуы керек. Біз қазір ауыл жастарын оқуға тартып, қай жерде жұмыс күші керек болса, жұмысқа тарту мәселесін қарастырып жатырмыз”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Осындай талаптары бар заң жобасы жақын арада тағы сол, білдей бір мәжіліс төрағасының орынбасары Божконың алдына барады. Елдің көші-қон саясаты туралы заңының концепциясында ішкі миграциямен қатар, қиырдағы қандастардың көшіне қан жүгіртетін бірқатар жағымды жаңалықтары бар. Мәселен, атамекенге оралуды қолдан қиындатып келген соттылық туралы анықтама енді қажет емес. Дәлірегі ол үшін енді көшпен әуре боп жүрген азамат жүгірмейді.

vladimir-bozhko

“Ішкі істер министрлігі мен Қытайдағы біздің елшілік, Қытайдың елшілігі бірге жұмыс істеп, өзара келісім тапты. ІІМ өзі сұрау жасайтын болды”, – деді министр.

Сондай-ақ, Қазақстан қиырдағы қазақтардың уақытша болса да атамекенге келіп қызмет етуіне шекараны ашпақ. Еңбек нарығында олар жұмыс мигранты саналмайды. Еліміз тіпті жақын арада шетелдегі білікті қазақтарды ортақ базаға тіркеп, арнайы алдыртып, ел игілігіне жұмыс істетуді жоспарлап отыр.

“Егер де білікті, жоғары білімі бар мамандар осында келіп жұмыс істеймін десе жұмыс берушілерге берілетін рұқсаттары тегін болады. Тегін уақытша жұмыс істеуге немесе 10 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар, одан кейін ол азаматтың біздің елдің азаматтығын алу-алмауы өзінің құқығында болады”, – дейді Дүйсенова.

Министрлік қандастардың сол елдердегі жұмыс өтілін де ескеріп, зейнетақы тағайындау мәселелерін қарастырып жатыр екен.

“Егер де ТМД елдері бойынша кедергілер болмаса, сыртқы елдердің еңбек өтілі, сол шетелде істегендері біздің зейнетақымен қамсыздандыру заңы бойынша ескерілмейді. Ол рас. Ол үшін екі мемлекеттің арасындағы екіжақты келісімдер арқылы шешіледі. Қазір ондай мәселе Моңғолия тарапынан да көтеріліп жатыр”, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Айта кетсек, зейнеткерлікке шығып, елге оралған азаматтар бұл жақта небары 10-12 мың теңге зейнетақы алады.

Осылайша күллі әлемге шашыраған қазақтарды атамекенге қайтару саясатының сапасы артуы тиіс. Өткен жылдың өзінде қиырдан 17 мыңға жуық қазақ отбасы көшіпті. Бұл 2015 жылдың көшінен жеті есеге артық.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау