Министр: Денис Тен қанды көп жоғалтқандықтан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: Kursiv.kz

“Бүгін сағат 14:16-да жедел жәрдем қызметіне көшеде белгісіз адамның пышақ жарақатымен жатқаны туралы хабар келіп түсті. Екі минутта шақыру бригадаға жіберілді және 10 минутта жедел жәрдем бригадасы оқиға орына жетті. 11 минутта науқас жедел стационарға жеткізілді. Жедел жәрдем машинасында реанимациялық шаралар жасалды. Жол үстінде ауруханаға хабар беріліп, науқасты хирургтар тобы күтіп алды. Дәрігерлер бірден ота жасап, екі сағат бойы жансақтау бөлімінде спортшының өмірі үшін күресті. Бірақ, қанды көп жоғалтқандықтан, 17:30-да Денис Тен қайтыс болды», – деп жауап берді министр «Нұрсәулет» бизнес-орталығында.

Біртановтың айтуынша спортшы жедел жәрдем келгенге дейін көп қан жоғалтқан.

Министрдің айтуынша, жедел жәрдемге хабар берілгенше спортшы көп қан жоғалтқан.  “Дәрігерлер тарапынан барлық көмек толық көрсетілді. Бірақ, жедел жәрдемге хабар берілгенше спортшы көп қан жоғалтқан еді. Қанның көп кетуі қашанда өмірге қауіп төндіретін факторлардың бірі. Оқиғаның егжей-тегжейі патологоиялық-анатомиялық зерттеуден кейін анықталады”, – деді министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар