Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр бюджеттік әуе компаниясында ұшақ билетінің бағасы қаншалықты арзан болатынын айтты

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елімізде құрылатын бюджеттік әуе компаниясы туралы айтты. Министрдің сөзінше, бастапқы уақытта жаңа компанияның ұшақтары тек мемлекет аумағында ұшады. Компания дамығаннан кейін халықаралық бағыттар қарастырылатын болады, дейді ол.

Министр бюджеттік әуе компаниясында ұшақ билетінің бағасы қаншалықты арзан болатынын айтты

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жеңіс Қасымбек жаңа әуе компаниясының келесі жылдың мамыр айында іске қосылатынын мәлімдеді.

«Бұл жақсы, қалыпты тәжірибе. Бүгінде көптеген ірі әуе компаниясының тиісті бюджеттік бөлімшелері бар. Бұл Lufthansa, British Airways, ресейлік Аэрофлот. Мәселен, «Победа»  – бұл лоукостер, Аэрофлоттың еншілес компаниясы. Біз де «Эйр Астана» осындай бюджеттік компания құрады деп жоспарлап отырмыз», – дейді министр.

Министрдің сөзінше, 2019 жылы «Эйр Астана» әуе компаниясына 8  жаңа ұшақ сатып алынады. Оның дені бюджеттік әуе компаниясына беріледі екен.

Сонымен қатар ведомство басшысы жаңа әуе компаниясының басқаларынан қандай айырмашылығы болатынын айтып берді.

«Ұшақтарда орын саны аз болады, орындықтар тығыз орналасады. Жолаушының жүгі сол ұшақпен емес, бөлек жеткізіледі. Бүгінде заңнама бойынша ұшақ билетінің құнына жүк бағасы да кіреді. Ал мында сіз тек орын үшін ғана төлейсіз», – дейді Қасымбек.

Жомарт Қасымбектің сөзінше, қазіргі уақытта отандастарымыз Алматы қаласынан елордаға ұшақпен жету үшін орташа есеппен 32-34 мың теңге жұмсайды. Ал бюджеттік әуе компаниясында бұл баға шамамен екі есе төмен болады. Яғни, 16-18 мың теңге.

«Бюджеттік компанияның қалай аталатыны әзірге белгісіз. Бастапқыда ол Қазақстан бойынша ұшады. Кейін әрі қарай дамып жатса, халықаралық бағыттарды да қарастырамыз», – дейді  инвестициялар және даму министрі.

Еске сала кетсек, 2 қарашада мемелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Air Astana негізінде бюджеттік әуе компанияын құруды тапсырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау