Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Министр болу шарт емес": Танымал әзілкеш қазақстандықтарды мешіт салуға ақша жинауға шақырды (видео)

Танымал әзілкеш Ақылбек Скендіров жұртты мешіт салуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі мешіт салуға кез келген адамның үлес қоса алатынын айтып, сауапты іс жасауға шақырған видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ақылбек Скендіров Салахуддиннің оқиғасын айтып, жұрттың жүрегін елжіретті. Осылайша актер жұртты жақсылыққа жетелеген.

"Салахуддин аль аюби Шам қаласында мешіт салған кезде, бір кемпір сол мешіттің бір кірпішін қалаған екен. Сол күні Салахуддин түс көреді. Түсінде жұмаққа кіріп бара жатқан екен. Өзімен бірге кемпір де жағаласып, жүгіріп, жұмаққа бірге кіріп бара жатқан көрінеді. Әлгі кемпірді шақырып алып, кірпіштің ақшасын берейін десе, "Ей, бала! Сен жұмақты сатып алмақшысың ба?" деген екен кемпір. Жақсылық жасау үшін адам кәсіпкер, депутат, министр, күшті, мықты болуы шарт емес. Ең бастысы ниет болса болғаны", - дейді Ақылбек Скендіров.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр