Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

Елдің денсаулық министрі ағзасын донор ретінде беруге өсиет жазып кетуге дайын. Тіпті, онысын көпшілік алдында келісіммен бекітпек. Осылайша, Қазақстандағы донор тапшылығын жақсы білетін Біртанов мырза өзекті мәселені шешу үшін алдымен өзімнен бастаймын деп отыр. Өйткені мыңдаған науқас бүгінде бүйрек, жүрек, бауыр мен өкпенің трансплантациясын күтумен жүр. Министрдің келісімге нақты қашан қол қоятыны әзірге белгісіз.

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорған қаласының тұрғынының бір бүйрегі жарамай қалғандықтан, донор күтіп жүргеніне 5 жыл болыпты. Ал екінші бүйрегі жартылай ғана жұмыс істеп тұр екен. Қос бүйрегімен әбден қиналған науқасқа күнара гемодиализ аппаратына жатуына тура келеді.

«Тамырларым саусақтың көлеміндей жуандап кеткен. Шыны керек, аппаратпен күнімді көрем. Бүйрек арқылы сұйықтық шықпайды», - дейді науқас Назар Бұрханов. 

Осындай науқастардың мәселесін шешіп немесе біреудің өмірін құтқарып қалуға денсаулық сақтау министрінің өзі дайын екен. Ол ағзасын донор ретінде беруге ресми түрде өтініш жазып кетпекші. 

Бүгінде науқастардың дені бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Мұнан кейін бауыр, жүрек пен өкпе тұр. Мамандар мәйіттік ағзалардың бәрі жарай бермейтінін айтады. Сынамаларда ауытқу болса, ағза жарамсыз болып қалуы мүмкін. 

Жыл басынан бері елордадағы трансплантология орталығында мәйіттік 6 бүйрек пен екі бауыр сәтті ауыстырылыпты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр