Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр ауыл мектептеріндегі басты мәселелерді көтерді

ҚР Білім және ғылым министрі ауыл мектептеріндегі компьютер жетіспеушілігі мен интернет жылдамдығы мәселесін көтеріп, үкімет басшысынан шешіп беруін өтінді. Бұл туралы Ерлан Сағадиев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мектептердің  97 пайызы (ауыл мектептерін қосқанда) интернетке қосылғанымен, байланыс сапасына қатысты мəселе барлық өңірде бар. Мектептердің 62 пайызы ғана жылдамдығы 4 Мбайт/секундтық интернетпен қамтылған. 2,5 мың мектепке ғана Wi-Fi қосылған. Персоналды компьютерлермен жарақтандырылу деңгейі 11 оқушыға 1 компьютерден келеді.

«Аталған жағдай министрліктің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді», – деді Ерлан Сағадиев.

Министр Үкімет басшысынан осы мәселені шешіп беруді сұрады.

«Осыған байланысты Бақытжан Əбдірұлы жергілікті атқарушы органдарға мектептерді кең жолақты интернетпен, Wi-Fi-мен қамтамасыз етіп, компьютермен жабдықтау мәселесін шешуді тапсыруыңызды сұраймын», – деді білім және ғылым министрі.

Тағы оқыңыз:

Министр: Депутаттар мен министрлердің барлығы қазақ тілін жақсы біледі

Екі тілде баяндама жасаған білім министрі: Келесі жолы 100% қазақша сөйлеймін

Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының “шырқын бұзды”

Атырауда соқыр ішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

Талқылау