Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр атышулы экс-депутат Мұхтар Тінікеевті марапаттады

Мәдениет және спорт министрлігі спорт саласына ерекше үлесі үшін бұрынғы мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевті марапаттады.

Безымянный

Экс-депутат қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында бөлісіп қойыпты.

“Қазақстанда спорт күні тамыздың үшінші жексенбісі аталып өтеді. Бірақ бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін еліміздің спортын дамытуға қосқан үлесі үшін медаль мен грамоталармен марапаттады. Марапат алғандардың ішінде мен де бармын. Сондай-ақ NOMAD MMA республикалық қауымдастығының президенті Гаджи Гаджиев те марапатталды”, — деп жазады Тінікеев.

Еске салсақ, Тінікеев былтырғы жылдың соңында шу шығарып, депутаттық мандаттан өз еркімен бас тартқан болатын. Оның ер адамды ұрып жатқан видеосы желіде таралып кеткеннен кейін, экс-депутаттың абыройына елеулі түрде нұқсан келген.

Оқи отырыңыз:

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты

Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Талқылау