Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Ақтөбеде бүлік салған террористер ДАИШ басшысынан нұсқау алған

Ақтөбеде бүлік салған террористер ДАИШ басшысынан нұсқау алған. Рамазан айы басталмас бұрын ұйым жетекшісі Абу Мұхаммад әл-Аднанидің интернет арқылы үндеу таратқандығын сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та растап отыр.

7feb09d45e218555c9788afae85

Сурет kapital.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Террористік шабуылдың шетел ықпалы екенін айтқан министр салафиттер туралы да пікірін білдірді. Ерлан Ыдырысов теріс ағым жетегінде кеткендерге тойтарыс беру керек дейді.

Сондай-ақ министр, жер мәселесіндегі дау мен Ақтөбедегі лаңкестік оқиға Қазақстанның сыртқы имиджіне теріс әсерін тигізбегеніне сенімді.

“Құқық қорғау органдары анықтағандай, тегі Аднани Абу Мұхаммад деген ДАИШ ұйымының жетекшісі күллі әлемге үндеу жолдаған. Онда ұйым басшысы күш қолдану арқылы Рамазан айында белсенді болуға шақырады. Әрине, мұндай үндеудің өзі ұйымның теріс пиғылына дәлел. Және осындай жолдаулары арқылы олар санасы уланғандар мен соңынан ерушілерді оңай табады”, – дейді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Талқылау