Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінезіңіз жайлы саусақтарыңыз не дейді?

Stan.kz сіз жайлы көп нәрсе айта алатын қарапайым тест ұсынады. Бәрі де оңай. Қолыңызға қарап, сұқ саусақ пен шылдыр шүмегіңіздің ұзындығын салыстырыңыз.

15379810-R3L8T8D-650-235

A) Сұқ саусақ шылдыр шүмектен қысқа.

Мұндай адамдар көбіне өте тартымды келеді. Олармен араласу сондай жеңіл әрі көңілге жағымды. Бойындағы үйірімпаздық қабілетімен ерекшеленетін бұл адамдар өзгелерден гөрі шешім шығаруда батыл, тәуекелшіл әрі алдындағы қиындықты оңай еңсереді. Сонымен қатар олардың ерекше қасиеттерінің бірі – айналасындағыларға шынайы жанашыр бола білу. Олардан жақсы инженер, ғалым, сөзжұмбақ шешу шебері шығады.

B) Сұқ саусақ шылдыр шүмектен ұзынырақ.

Мұндай жандар – өзіне сенімді әрі жан-жақты жетілген толыққанды тұлғалар. Олар өзін қоршаған адамдардан ләззат алады және өздерін басы артық дүние үшін мазалағанды ұнатпайды. Жеке не іскерлік қарым-қатынастың қай-қайсында болмасын бірінші болып қадам жасамайды. Алайда өзіне көңіл бөлгенді, мақтағанды ерекше бағалайды.

C) Сұқ саусақ пен шылдыр шүмектің ұзындығы бірдей. 

Мұндай саусақты адамдар бітімгер, мейірімді әрі ұрыс-керісті мүлдем ұнатпайды. Олар өмірлік бағытын, мақсатқа жету жолдарын нақты біледі. Тәртіптілікті құп көретін бұл адамдар барлығымен жақсы қарым-қатынас ұстайды. Оған қоса қарым-қатынаста адал, өз қызметі мен жұмыс орнына түбегейлі берілген. Десе де, мұндай жандармен араласуда сақтық танытқан жөн. Себебі олардың жанында арты үлкен өртке ұласуы мүмкін кішкене шоқ жатыр. Әрдәйім олардың жағында болуға тырысыңыз.

 

Талқылау