Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінезіңіз жайлы қасыңыз не дейді?

Адамның сыртқы ерекшеліктеріне қарай мінез-құлқын анықтап, тағыдырын болжау бағзы замандардан бері жалғасын тауып келеді. Ал күні бүгін ол физигономика ғылымы ретінде қарастырылуда. Адамның қастары көңіл-күйін бірден аңғартатындықтан,олар мінез-құлқы жайлы да көптеген ақпарат бере алады. Дәл осы себепті аталған ғылым саласында алар орны ерекше. Қасыңыз арқылы мінезіңізді анықтауға мүмкіндік беретін тестінің көмегімен болмысыңыздағы өзге түгіл, өзіңіз білмеген қасиеттеріңіз жайлы біле аласыз.

Қас

Қас – бет-әлпеттегі бір элемент қана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Адам еш сөз айтпастан-ақ тек қас қимылы арқылы ішіндегісін өзгеге жеткізе алады. Тіпті, қас пішінін түзеу арқылы тағдырды да өзгертуге болатыны жайлы айтылып жүр.

Суретке мұқият қарап, өзіңіздің қасыңызға сәйкес келетін қас түрін таңдаңыз. Оған берілген сипаттама арқылы өз мінезіңіздегі ерекшелік пен жасырын қасиеттерге қанық болыңыз.

Доға пішінді қас

Көпшілік дәл осы қас пішінін мінсіз санайды. Доға пішінді қас иелері – ақылмен емес, сезіммен өмір сүретін жандар. Жеңілтектігі де жоқ емес. Олар алдына қойған мақсаттарын жиі өзгертеді. Тіпті, мақсаттары бір-біріне қарама-қайшы келіп жататыны да бар. Бүгін ғана сахнаға шығып, жұлдыз болуды армандаса, күні ертең геологиялық экспедицияға жол тартуды көксеуі ғажап емес. Десе де ақылға салып, дұрыс-бұрысын ажырата отырып мақсат қойса, діттегеніне міндетті түрде жетеді. Әдетте мұндай адамдардан жақсы әртіс шығады. Олар өмірде әр нәрсенің жақсы жағын көре біледі, оған қоса әзілдесе біледі. Осы себепті айналасындағылардың көңілін тауып, жақсы –қарым-қатынас сақтайды.

Қиғаш қас

Қиғаш қас иелері – киюы келмес мәселенің шешімін жылдам тауып, бағытын дұрыс анықтай білетін талапты әрі тапқыр жандар. Оларды алдап соғу мүмкін емес. Себебі табиғатынан сұңғыла, ақылды келетіндіктен, бір көргеннен-ақ адамның ішіндегісін біліп, қулығын алдын-ала сезе алады.  Олар кез-келген қиындықпен күресіп, ең қиын жағдайдың өзінде жеңіп шығады. Қызметтің барлық саласын оңай меңгеретін мұндай жандар қаржы саласында мол табысқа, жетістікке кенеледі. Алайда олардың бойындағы сұғылалық кей жағдайларда сенімсіздікке ұласып жатады. Ал ол өз кезегінде адамдармен қарым-қатынасында қиындық туғызады.

Сынық қас

Авантюраға, тәуекелге бейімділік пен үнемі жаңа әсер алуға талпыну сынық қас иелерін өзге адамдардан ерекшелеп тұрады. Мұндай адамдар –  маңайындағыларды іш пыстырарлық істің өзіне ынталандырып, қызғушылық туғыза алатын көшбасшылар. Ұзаққа созылған тұрақты істер оларды қажытып, ерік-жігерін байласа, өміріндегі, қызметіндегі жиі өзгерістер бойына күш-қуат сыйлайды. Сынық қас иелерінің жанында ешқашан зерікпесіңіз анық. Олар, тіпті, маңызды істің өзіне түрлі өзгертулер енгізіп, жаңа серпін беріп, әрқашан жаңалықтың бастаушысы болады.

Тік қас

Тік қас – тік әрі тұрақты мінез белгісі. Мұндай қас иелері өмірден не қажетін біледі, діттеген мақсатына нық қадам басып, жолындағы кез-келген қиындықты еңсере алады. Оған қоса олар – белсенді, білікті және ынталы. Қызметтегі әріптесері оларды кәсібін жетік меңгеріп, әр ісін асқан жауапкершілікпен атқаратындықтары үшін  бағалайды. Ал жақындары мен достары қандай жағдайда да қол ұшын созып, қиын істің түйінін шеше алатын қабілеті үшін ерекше құрметтейді. Өмір көрсеткендей, көбіне тік қас иелері басшылық қызмет атқарады. Олар үшін мансабы өмірінің басты мәні емес. Әрдайым демалыс пен қарым-қатынасқа өмірінен орын таба біледі.

Көтеріңкі қас

Көтеріңкі қас – табандылық пен мақсатқа талпынушылық белгісі. Мұндай қас иелері тұрақтылығымен, сеніміне  деген адалдығымен ерекшеленеді. Көбіне олар істі бірден жылдам қарқынмен бастамайды. Ақырын жүріп, анық басқанды жөн көретін бұл жандар белгілі бір дәрежеге жеткен соң жетістікке тез жетіп, табысқа, байлыққа кенеледі. Олар әр жағдайда да алдын болжап, дұрыс бағдар таңдай алатындықтан, кез-келген істі өз ыңғайына келтірудің шебері.

«Үйшік» тәрізді қас

Нәзіктік, сезімталдық, қайырымдылық – «үйшік» тәрізді қас иелерінің бойынан табылатын қасиеттер. Көбіне мұндай адамдарға өміріндегі қиындықтарды өзі жалғыз еңсеру қиынға соғады. Сондықтан олардың жанында қолдау беріп, басшылық ететін жандардың жүргені дұрыс. Олар қоршаған ортада болып жатқан дүниелерді, адамдардың көңіл-күйін түсініп, айналасындағылардың әрекетінің түпкі себебін аңғара алады.  Баысна іс түскен адамдарға «үйшік» тәрізді қас иелері нағыз жанашыр болып, көмек қолын созады. Қиял әлемі кең, әр жағдайға өзіндік көзқарасы бар бұл жандар шығармашылық салада табысқа жетеді.

 

Талқылау