Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінезі ауыр жандардың көбірек табысқа кенелуінің сыры неде?

Заманауи қоғам позитивті ойды сақтап қалуға барын салуда.  Мәдени үрдістер өмір бойы бақыттың соңынан қууға мәжбүрлейді. Адамдар аталған тақырыпта сөз қозғаған кітапты көптеп сатып алып, өзін кемелдендіруге байланысты шеберлік сабақтарына барып, ғаламторда жігерлендіретін дәйексөздер жариялайды.

109855_or

Бүгінгі күн АҚШ-тың миллионнан астам әскери қызметкері позитивті психология курстарынан өтсе, Ұлыбритания мектептерінде оптимизмге үйретеді.

Оған қоса ЖІӨ-мен (жалпы ішкі өнім) қатар, азаматтардың хал-ахуалы «бақыт индексімен» өлшенеді.

Шындығында, жамандықты күтудің де өз артықшылықтары бар. Пессимистер келіссөздерде  үлкен табысқа кенеліп, шешім қабылдауда сұңғылалық танытады. Сонымен қатар жүрек ұстамасынан сирек зардап шегеді.

Әдетте арам адамдардың некесі тұрақты, табысы жоғары әрі ұзақ өмір сүреді. Алайда олар өмірден бәрінің керісінше боларын күтеді.

Ал жақсы көңіл-күйді айтарлықтай қауіпті десек артық емес: ол адам ынтасын түсіріп, мәселенің егжей-тегжейіне назар салуын төмендетіп, адамды бір уақытта сенгіш те аямшақ етеді.

Ашу, мұң және пессимизм – жаратушының қаһары не қарабайыр сәтсіздік емес. Бұл қасиеттер пайдалы қызметтер атқарып, біздің өмір сүруімізге, өмірге машықтануымызға көмектесу үшін жаратылған.

Мысалға ашуды алсақ, Ньютон шектен тыс өкпелегіш және кекшіл адам болған. Ал Бетховен жиі дау-дамай өртін тұтатып, кейде жұдырықтасуға дейін барған.

Құдды данышпандық пен қызу мінез өзара етене байланысатындай әсер туындайды. Оның көптеген дәлелін Кремний алқабынан таба аласыз.

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос – өзінің ашушаңдығымен, «Кешірім өтінемін, бүгін мен ақымақтыққа қарсы дәрі ішіп пе едім?» сынды кемсіту сөздерімен танымал. Алайда бұл оған құны 300 миллиард долларды құрайтын компания ашуға кедергі болмады.

2009 жылы Амстердам Университетінің қызметкері Маттийс Баас бұл сұрақтың жауабын табуға бел бумайынша, көптеген жыл бойы жоғарыда аталған өзара байланыс жұмбақ болып келді.

Ол ерікті студенттер тобын құрып, ғылым үшін топ мүшелерін ашуландыруды мақсат етті. Студенттердің жартысына өміріндегі кейітетін дүниені есіне түсіріп, эссе жазуды тапсырды.

«Бұл оларды біраз ашуландырды. Алайда олар ашудың шегіне жете қоймады», – дейді ол. Ал екінші топқа мұңаю бұйырған еді.

Артынша екі топ та қатысушылардың шығармашылық қабілетін сынауға бағытталған ойынға қатысты. Олар 16 минут ішінде психология факультетіндегі оқу сапасын арттырудың көптеген жолдарын ойлап табу керек.

Баас күткендей, ашуланған студенттер тың ойларды көп ұсынған және бұл тек бастамасы еді.

Олар ұсынған әдістер шынайылыққа айтарлықтай жанасады. Оған қоса өзге де қатысушылардың ұсыныстарымен ұқсастық 1%-дан төмен көрстекіш көрсеткен-ді.

Жасампаздықтың мәні ойлау жүйесін қаншалықты жылдам өзгерте алуыңызда жатыр. Қиын жағдайға түскенде аяқасты «данышпанға» айналу өміріңізді құтқаруы мүмкін.

«Шындығында ашу организмді ресурстардың жұмылдырылуына дайындайды. Ол сізге қиын жағдайға тап болғаныңызды жеткізіп, одан шығу үшін күш береді», – дейді Баас.

Мұның қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін алдымен миымызда не болып жатқанын ұғуымыз қажет.

Бірқатар сезім сияқты, ашу да, адам өміріне төнген қауіпті сезінуге жауап беретін мидың ерекше аумағы, мишық безінде пайда болады.

Оның жұмыс механизмі айтарлықтай тиімді: ол адам қауіпті сезінгеннен едәуір бұрынырақ дабыл қағады.

Ашу тудыру үшін, ми денеге химиялық дабыл жібереді. Организм адреналинге толып, адам бірнеше минут ішінде ерекше күш-қуатқа иеленгенін сезінеді.

Оның тыныс алуы мен тамыр соғысы жылдамдап, қан қысымы көтеріледі. Қан дененің барлық бөлігіне, бетке тарап, нәтижесінде ол қызарып, маңдайдағы күретамыр ыдырайады. Ызаланған адам дәл осылый көрінеді.

Тәндегі бұл өзгерістердің барлығы – бойыңызды кернеген ашуды шығаратын мүмкіндігіңіз болғанда ғана өте пайдалы. Мысалы, әріптестеріңізге айқайлау не арыстанмен арпалысу.

Бәлкім әлдекіммен қарым-қатынасыңыз бұзылар, бірақ қан қысымыңыз қалыпқа түседі. Ал егер негативті сезімдердің барлығын бойыңызда ұстасаңыз, бәрі бұдан да нашар болар еді.

Мұнымен қатар ғалымдар ашушаңдықтың түрлі әлеуметтік дағдыларымызға оң әсерін тигізіп, бізді шешен ете түсіп, есте сақтау қабілетімізді жақсартатынын айтады.

«Нашар көңіл-күй жаңа әрі қиын жағдайға тап болғанымызды аңғартады. Ол бізден зейінді, парасатты болуымызды талап етеді», – дейді 40 жылдан астам уақыт сезімнің адам әрекетіне әсерін зерттеумен айналысқан ғалым Джозеф Форгас.

Оған қоса жүргізілген зерттеу жұмыстары аздап жабыққан адамның әлеуметтік дабылдарды жақсырақ қабылдайтынын көрсеткен.

Айта кетерлік қызық дерек, мұндай халдегі адам өзгелермен қатынаста әділеттілік танытуға бейім келеді.

Барлық жағымды сезімдер арасында келешекке байланысты оптимизм қарама-қайшы нәтижеге ие.

Бақыт сынды, келешек жайлы жағымды қиялдар да адамды ынта-жігерінен айыруы мүмкін.

«Адам қалағанының барлығына қол жеткізгендей күй кешіп, босаңсып,  арман-қиялының жүзеге асуына жеткілікті күш салмайды», – дейді Нью-Йорк Университетінің қызметкері Габриэль Оттинген.

Көптеген тәжірибе жүргізе келіп, Оттинген біз көп армандаған сайын олардың орындалу мүмкіндігі төмендейтінін дәлелдеген.

Көп уақытын жақсы жұмыс жөнінде қиялға жұмсайтын бітірушілер әдетте аз табыс табады. Ал сауығуды ғана ойлайтын науқастар дертінен баяу айығады.

«Адамдар «үнемі армандаңыздар, сонда армандарыңыз орындалады» дейді. Ал бұл пікір шындықтың ауылынан шалғайда», – дейді ол.

Оптимистік ойлар семіз адамның арықтауына, темекі шегетіндердің бұл зиян әдеттен бас тартуына кедергі келтіреді.

Талқылау