Міне, халық махаббаты. Денис Тенмен қоштасуға келген адамдар талып қалды

Алматылықтар 21 шілде күні сағат тоғыздан бастап, “Балуан Шолақ” атындағы спорт сарайының алдына Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенді шығарып салуға жиналды. Адамдардың денсаулығы нашарлап, кішкентай балалардың мазасы қашты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Денис Тенмен қоштасуға өте көп адам жиналды. Қайғыдан қан жұтқан жандардың саны аз емес.  Бірақ таңғы тоғыздан бастап, бір сағат бойы күн астында қысылып тұрған халықтың мазасы қашты. Қоштасуға келген бір адамның денсаулығы нашарлап, екінші азамат кезекте тұрып айғай шығара  бастады. Топтың арасынан талып қалған адамдарға дәрігерлер көмек көрсетті.

Денистің табытының алдына медальдар қойылды: Ел халқы сүйікті ұлымен қалай қоштасты (фото, видео)

“Жаназа өте нашар ұйымдастырылған. Тіпті оны жүргізу жұмыстары қолға алынбаған сияқты. Бірақ осыншама адамы бар жаназаны жақсы өткізу мүмкін бе, оны білмедім.  Төменгі жақта тұрған балалар тұншығып қалды (балаларды алып бару жақсы ой емес, бірақ осылай болады ешкім деп ойламады).  Бір баланы ата-анасының өтініші бойынша, ол тұншығып қалмасын деп иығыма отырғыздым. Онсызда адамдардың арасында тұрып қысылып қалды, — дейді тілші Төлеген Байтүкенов.

Дениске соңғы рет құрмет көрсету үшін адамдар шілде айының ыстық күнінде бір сағаттан астам уақыт тұрды.

“Еріктілердің бақылауынсыз қалған халық 1 сағат бойы қайнаған күннің астында тұрды. Есіктің бір жағын ғана ашты. Адамдар қысыла бастады. Балалар мен қарттарға мүлдем қиын болды. Себебі, олардың бойлары кішкентай, төменгі жақта ауа жоқ! Ал кіре берісте әрбір метр сайын полицейлер тұр… “,— деп жазды Facebook пайдаланушысы Әсел Құрманова

“Адамдар сыртта, аптап ыстықта тұр. Ал сарайдың ішіндегілер эфирлерге сенсек, қимылдайтын емес. Тіпті қоштасудың өзінде қазақстандықтар басқа адамдарды құрметтеуді білмейді”, —деп наразылық танытты тілші Жанар Канафина.

Естеріңізге сала кетейік, жаназаны ұйымдастырумен ҚР Мәдениет  және спорт министірлігі және Алматы қаласының әкімшілігі айналысқан. Осыған дейін Денистің туысқандары халықтан  спортшыны ақтық сапарға құрметпен, төтенше жағдайлар мен түсініспеушіліктерсіз шығарып салуды сұраған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар