Міндетті түрде грант ұтып алатын мамандықты таңдағандар анықталды

Жұма, 5 Тамыз , 2016 13:10

Республикалық комиссия мемлекеттік білім гранттарын бөлуді бастап кетті. Бірнеше күннен кейін 60 мыңға жуық талапкер тағатсыздана күткен тізім жарияланады.

талапкер111

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Грантқа түсу кезінде бірқатар ерекшеліктер де бар. Мәселен, “Екі шет тілі: неміс, француз” және “қоғаммен байланыс” мамандығын таңдаған талапкерлер міндетті түрде оқу грантын ұтып алады. Себебі бұл мамандықтарға бөлінген грант саны, түскісі келетін түлектерден көп.

Жалпы, биыл әрбір екінші абитурент ақысыз оқи алады. 60 мыңға жуық талапкерге 31 мың грант қарастырылып отыр. Бірақ білім және ғылым министрлігі грант берілсе де, түлектер түскісі келмейтін мамандықтар барын айтты. Мысалы: “Екі шет тілі: неміс және француз” және “қоғаммен байланыс” мамандықтарына бөлінген әр грантқа 0,09 адам үмітті. Қызығы, сұранысы артып, 22-23 талапкерден таласып жатқан мамандық жұрт ойлағандай “заңгер”, “қаржыгер” де емес екен.

“Қуанышты жағдай бар. Бұл педагогикалық мамандықтарға сұраныс көбейіп отыр. 1 орынға 22-23 талапкер таласып отырған жерде қуануға болады”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің департаменті директорының міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова.

Мұғалім болғысы келетіндер көбейген сайын министрлік бастамасын тоқтатар емес. Қазақ тілі мен тарих, география-физика іспетті пәндерді біріктіруге әзірлік пе, енді болашақ ұстаздар бірден қос мамандық иесі атана алады. Үштілділік үшін ағылшынша сабақ беретін педагогтарға да грант саны артқан. Және алғаш рет 1 жыл өтілі бар колледж түлектері тегін оқуға көп-көрім жеңілдік алады. Қазіргі доллардың курсы шарықтап тұрғанда, ол да болса көмек. Сондай-ақ, жетім, әке-шешесінің қарауынсыз қалған талапкерлер де ақысыз оқуға алғашқылардың бірі болып ілігеді.

Бірнеше жылдан бері Қазақстанда рейтингте танымал мамандықтар тізімін дипломатиялық қызмет мамандығы көш бастап келеді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Кеше ғана мектеп бітірген оқушылар болашақта Сыртқы істер министрлігінде, мүмкін болса шетелде қызмет еткісі келеді. Алайда, бұл мамандыққа 22 орын ғана бөлінеді. Ал, құжат тапсырушы талапкерлердің саны көп. Алғашқы үштікке аударма ісі де енеді. Бұл факультетке 12 талапкер ғана таласа алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар