Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Міндетті сақтандырудың ақшасын кім төлейді?

Танымал тілшілерді есігінің алдынан күтіп алған ақ халаттылар “Емханаға тіркел де, статусыңды анықта!” атты арнайы акция өткізіп жатыр.

258d89bcfc9a679be4591a57ad1ea128

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Өзіңнің емханаңа келіп, тіркел деген акция бойынша жүргізіліп жатыр. Әр азамат өзінің тұрғылықты жеріндегі емханаға келіп тіркелуге болады. Оған тек төлқұжаты ғана керек”, – дейді №17 қалалық емхана қызметкері Шұғыла Тәжібаева.

Яғни, келер жылы  енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру кезінде емханаға таңдауды өзіміз жасайды екенбіз. Өз емханасына тіркеліп алғаннан кейін, мәртебеңіз анықталады. Яғни, медсақтандыру кезінде өзіңіздің қай топқа жататыныңызды анықтау қажет.

“Медициналық сақтандыру қорының тарабынан бөлінген қаржы сақтандыру жүйесіне кірген азаматтарға арналса. Өзі, немесе жұмыс беруші не өзі, немесе мемлекет төлеуі керек”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жататындар:

1. Балалар;
2.  «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
3.  Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
4. мүгедектер;
5. жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
6.  интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адамдар;
7.  техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ  резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;
8. баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген әйелдер;
9.  жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған әйелдер;
10.  зейнеткерлер;
11. соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) өтеп жүрген адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);
12.  уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын адамдар.

Ал, Сіз жұмыскер болсаңыз, онда  міндетті сақтандыру үшін, 2019 жылдан бастап, айлық еңбекақыңыздың 1 пайызын, 2020 жылдан бастап, 2 пайызын төлей бастайсыз. Ол қаржыны жұмыс беруші сақтандыру қорына аударып отыруы керек. Ал, еліміздегі   екі миллионнан астам жұмыссыз азамат қорға ақшаны қалтасынан, яғни айына 1400 теңгеден төлеп отыруы тиіс. Мұндай қаржы таппағандар профилактикалық ем алып, дәрігерге тексеріле алмайды. Тек жедел жәрдем шақыртып, шұғыл көмектерді тегін алуға ғана құқылы…

“Ауырып келіп отырса экстренно жағдай онда оған көмек көрсетіледі. Жедел жәрдем көмегі де, температурасы да көтерілсе де кепілденген көмек көрсетіледі”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова.

Айта кету керек, жаңа жүйені келер жылы енгізу үшін қаралып жатқан заң жобасы парламентте толық мақұлданбай жатып-ақ, әзірлік жұмыстары әлдеқашан басталып кетті. Мәжілісте  жаңа жүйені таныстырып тұрған министрге депутаттар көп сауал қойды. Ал, мәжіліс  төрағасы емделуге келген жұртты тіркеу кезіндегідей дүрліктірмей, ұйымдастыру жұмыстарын тездетіп бітіруге шақырды…

Дегенмен заң жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді. Енді науқасты емдеуден бұрын, жазатын қағазы таусылмайтын ақ халаттылар әбігерге түсіп жатыр. 17 миллион халықты түгендеп, санатын анықтау да оңай шаруа емес. Сондықтан сайлау кезіндегідей ауыл үйдің итін арпылдатып, көше аралау жұмысын ақ халаттылар бастап та кетті.

“Біздің өз күшіміз жетеді. Дегенмен, әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымы көмектесіп жатыр. Бізге мұнда 10 600 адам қарайды. Соның 8000-ға жуығы тіркелген. Екі мыңға жуығының мәртебесі анықталмай отыр”, – дейді “Белбұлақ” дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Жанар Матиева.

Он дәрігерім мен он медбикем бар. Солардың арқасында ауыл-үйді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп болдық деп, сұхбат берген меңгеруші ханым, пайыздық мөлшерлемелерін шатастырып алса да, сақтандыруға қатысты мағлұматтың бәрін білетін кейіп танытып бақты.

Дәрігерлерді түсінуге болады. Науқас емдеудің орнына, табанынан таусылып, ел түгендейтін топқа таяуда ұстаздар легі қосылады. Өйткені, 17 миллион халықтың санатын мәжіліс төрағасы айтқандай, күзге дейін анықтау оңай шаруа емес.

Енді  жалақыңыздан салық пен зейнетақы аударымдарынан өзге қосымша сома ұсталып қалса, ол денсаулық сақтау аудармасы деп біліңіз. Бірақ мәселе, қанша ұсталатынында? Егер айлығыңыздың көлемі 100 мың теңге болса,  жұмыс беруші Сіз үшін сақтандыру қорына ай сайын 2000 теңге, 2020 жылы 5000 теңге аударады. Ал, қордағы ақша Сізбен бірге жүреді. Қай емханаға қараласыз, ақшаңыз артыңыздан сонда барады деген сөз.

Айта кету керек, дәл осы жүйені жүзеге асыру жолдары 90 жылдарда да басталған-тын. Алайда, қор басшысы қордағы қаражатты қолды қылып, ел сақтандырусыз қалған болатын. Енді сол өткен жағдай, бүгінге сабақ болса, игі. Өйткені, онсыз да зейнетақы қорындағы қаражатына үнемі алаңдап жүретін ел, денсаулығы да қолды болып кетпесе деп қорқады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте баланың өліміне әкеп соқтырған дерекке қатысты сот процесі аяқталуға жақын

Петропавл тұрғындары 20 күннен бері адам айтса сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде

Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан құлаған адамның кім екені анықталды

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Талқылау