Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Минаға түсіп жараланған пілге протез аяқ жасалды (фото)

Моша атты піл осыдан 10 жыл бұрын Тайланд пен Мьянма шекарасында минаға түсіп жараланған еді. Соның салдарына піл бір аяғынан айырылған. Сол кезде Моша 7 айлық қана болатын.

1467486019_slon-iskalechennyy-minoy-poluchaet-novyy-protez-nogi-1

Хирург Зердчаи Яивакат Мошаның протезін сол кезден бастап қолға алып, әлі күнге дейін оның көлеміне лайықтап протездер жасап келеді. Пілге алғашқы протез оның 600 келі салмақ тартқан кезінде жасалған. Ал, қазір оның салмағы 2000 келі.

1467485971_slon-iskalechennyy-minoy-poluchaet-novyy-protez-nogi-4

Қазіргі уақытта Мошамен бірге мамандандырылған ветеринарлық ауруханада 17 піл емделіп жатыр.

1467486027_slon-iskalechennyy-minoy-poluchaet-novyy-protez-nogi-3

Тайланд пен Мьянма арасында  әлі күнге дейін жерасты миналары қойылған.

1467486075_slon-iskalechennyy-minoy-poluchaet-novyy-protez-nogi-2

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ Қорғаныс министрлігі пілдерді жарылғыш зат іздеуге үйретпек

Сафариде жүрген Арнольд Шварценеггердің көлігіне піл шабуылдады (видео)

50 жыл «құлдықта» болған үш піл құтқарылды

Талқылау