Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мың қатысушының ішінен": Нұртас Адамбайдың ұлы Еуразия чемпионы атанды

Нұртас Адамбайдың ұлы Еуразия чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлын бағындырған жаңа белесімен құттықтаған Нұртас Адамбай желідегі парақшасына жазба қалдырған. Әкесі шығармашылықтың адамы болғанымен, әлі мектепке бармаған ұлы математиканы таңдаған. Белгілі продюсердің баласы менталды арифметиканың маманы болмақ.

"Менталды арифметикадан еуразиялық олимпиадада мың қатысушының ішінен бірінші орын алды. Құттықтаймын, балам! Былтыр Әлішер Алматы қалалық олимпиадада бірінші орын алып еді, енді еуразиялық олимпиадада жеңіске жетті. Чемпион!" - деп қуанышымен бөлісті Нұртас Адамбай.

Нұртас Адамбайдың ұлы Әлішердің жетістігіне желідегілер де ортақтасты.

"Бірінші нөмірлі әкесің", "Құтты болсын!", "Ата-анасының көз қуанышы, мақтанышы, жарайсың!", "Әкеңе лайықты ұлсың", - деп пікір қалдырды. 

 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр