Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

2 мың доллардан басталады: Байзақова парақшасындағы жарнама үшін қанша алатынын айтты

Миллионнан артық оқырманы бар Байзақова жарнама үшін қанша алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ALIBEKOVKZ арнасына сілтеме жасап. 

Айжан Байзақова

Бұрындары таныла алмай жүрген ару бүгінде арзан хайппен-ақ аты шығып, танымал болып, ақша тауып жүргенін ашық айты. Кезінде актриса болып, қанша еңбектенсе де жұрт оны керек қылмапты.

"Ұнайды деп айта алмаймын. Бұл - ақша табудың бір жолы. Адамдарға ұнайды. Мен 14 жасымнан бастап актриса болдым. Бірақ ол кезде мен танымал болмадым. Күндіз-түні жұмыс істеген кезде ешкім сені танымайды. Ал арзан хайп жасасаң танылып кетесің", - дейді Айжан Байзақова.

Әрмен қарай блогер айлық табысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Байзақова желідегі жарнамасының бағасын айтты.

"Бағалары әртүрлі. Бір жазба 2 мың доллардан басталады. Видео жазба 2 мың 3 жүз, 2 мың 7 жүз аралығы. Стористің бағасы мың доллар", - дейді Айжан Байзақова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр