Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионердің ұлы байлық үшін әкесін өлтіріп тастады

Канада соты миллионердің ұлы әкесін өлтірді деп таныды.

Миллионердің ұлы байлық үшін әкесін өлтіріп тастады

Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Канадалық MillardAir әуе компаниясының басшысы Уэйн Миллард 2012 жылы өз үйінде қайтыс болған. Оның ұлы Деллен Миллард полицияға әкесінің күйзеліс пен маскүнемдіктен зардап шеккенін айтыпты. Осылайша, миллионер өзіне қол жұмсады деп мойындалып, 27 жастағы Деллен әкесінің байлығын иеленіп, компания басшылығына келді.

Жарты жылдан кейін Делленнің 32 жастағы канадалық Тим Бозманың із-түзсіз жоғалуына қатысы бар екені анықталды. Миллионердің мұрагері Бозманың қолданылған көлігін сататыны туралы хабарландыруын көріп, хаабрласады. Артынша олар кездесіп, Бозма Делленге көлігін айдап көруіне рұқсат беріпті. Ол көлікке миллионердің ұлымен бірге отырған. Мұнан кейін Бозманы ешкім көрмепті.

Біраз уақыттан кейін Бозманың көлігі Делленің анасына тиесілі үйдің маңынан табылған. Көліктің салонынан күл мен Бозманың қаны табылғаннан кейін, миллионердің мұрагеріне «кісі өлтірді» деген айыпталды. Мұнан соң полиция оның бұрынғы қызының жоғалып кетуінің мән-жайын қайта тексере бастапты.

Делленнің танысы Лаура Бабкок миллионер Уэйн Миллардтың өлімінен 3 ай бұрын жоғалып кеткен. Анықталғандай, Деллен жаңа сүйіктісіне «Лаураны өмірімізден жоқ қыламын» деп уәде беріпті. Алайда бойжеткеннің мәйіті табылмады. Тергеушілердің пікірінше, Деллен қоқысты өртейтін пеш сатып алып, өз құрбандарының денесін өртеп жіберген.

2016 жылы ол Бозманың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бір жылдан кейін Бабкоктың өлімі үшін, оған тағы да өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Миллионер Уэйн Миллардтың өлімін қайта тергеу кезінде оның мүрдесінің жанынан табылған тапанша Делленге тиесілі болғаны анықталы. Сонымен қатар қарудан Делленнің ДНҚ-сы табылыпты. Тергеушілердің мәліметінше, әкесі бар ақшасын жаңа бизнесіне салмақ болғандықтан, ұлы оған кедергі келтіру үшін, өлтіріп тастаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау