Миллионердің қызы сэндвич жеп, ұшақта қайтыс болды

Британдық миллионер Надим Эднан-Лаперуздың қызы  Наташа Лондон-Ницца бортының рейсінде аллергиядан қайтыс болды. Қыздың ұшақта жеген сэндвичіне аллергиясы басталды. Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

British Airways авиакомпаниясының ұшағына мінбей тұрып ол  Pret a Manger кафесінен бөрікгүлі, зәйтүні, тапенадасы бар сэндвичті сатып алды. Ұшақ бортында қыздың қатты аллергиясы басталып кетті. 15 жастағы Наташаға  әкесі эпинефрин дәрісінің үш мөлшерін салды. Алайда Наташаның жүрегі тоқтап қалды.

Дәрігерлердің пікірінше, аллергияны нанның құрамындағы күнжіт тудыртты. Күнжіт 14 аллергеннің қатарына кіреді. Ұлыбританияның заңдары бойынша, өндіруіші осы ақпаратты қаптамада көрсетуі керек. Дегенмен тамақты өздері сол жерде дайындап сататын қоғамдық тамақтану мекемелеріне бұл талаптың қатысы жоқ.

Надим Эднан-Лаперуз ойыншықтар шығарумен айналысатын Wow Toys компаниясының негізін қалаған. Ол құрамында аллергендері бар өнімдерді таңбалау талаптарын күшейту үшін сотқа шағымдануды жоспарлап отыр.

10 қыркүйек күні Манчестерден Ибицаға бара жатқан рейстің бортында Ұлыбританияның бір тұрғыны қайтыс болды. Ол кокаиннің артық дозасынан көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар