Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер Құдайберген әнші Айқынның бірнеше бизнеспен айналысатынын айтты

Айқынды көпшілік көгілдір экран арқылы танығанмен, жақын досы әншінің епті кәсіпкер екенін айтады. Қолы қалт етсе миллионерлерден кеңес сұрайтын Төлепберген, қандай табысқа кенеліп жүр?! Өнер иесінің бизнес жоспары жайлы, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ашып айтты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қайрат Құдайберген – Қазақстандағы ең танымал ауқаттылардың бірі. Сондай-ақ, өнер өкілдерімен де достық қарым-қатынаста. Қазіргі таңда құрылыс саласында кәсібін дөңгелеткен жігіт ағасының, бизнеске құштар жандарға бүйрегі бұрып тұратыны бар.

“Айқын мысалға қазір өзінің бизнесін алға тартып, бірнеше қадамдар жасалып жатыр. Бірнеше бизнес көздері бар. Оған мен дос ретінде кеңес беріп, көптеген адамдармен қарым-қатынаста болған соң көп жерде жеңілдік беріп, мүлік алғанда көместесіп, өсиеттер беріп отырамын”, – дейді Қайрат Құдайберген.

Білікті бизнесмен Айқынмен қатар, Нұрлан Қоянбаев, Бүркіт, Қайрат Нұртас, Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан сынды танымалдармен де тығыз байланыста екен. Жоғарыда аталған жұлдыздар несие мәселесіне келгенде Құдайбергеннің кеңесіне жүгінеді.

“Біз бір-бірімізге кеңес береміз. Ләйлә болсын, Динара болсын, Бүркіт болсын, Қайрат болсын… Енді, менің бизнеске деген көбірек тәжірибем бар да. Сол себептен соларға өсиет беремін. Бастаулары бар болған соң ең маңыздысы өзін кәсіпкер ретінде тану, ең күшті тренд болып жатыр”, – дейді Қайрат Құдайберген.

Қайраттың сөзінше, «бизнес саласында да трендте болуы үшін, тек танымалдылықпен ғана табысқа кенелу аздық етеді» – екен.

“Қазіргі таңда маркетингті үлкен бір ауқымды білім ретінде танимын. SMM-ді дұрыс істейді. Бірақ енді білім жетпесе көбірек бизнес кітаптарды оқып, көкжиекті кішкене кеңейтіп, өзінің сана-сезімін басқа бизнес ретінде бұрмалап, жаңа қадамдар бастаса нұр үстіне нұр болады”, – дейді кәсіпкер.

Жіберіп алмаңыз:

Қорқып кеттім: Қайрат Әділгерей “Түнгі студия” бағдарламасына қалай шақырту алғанын айтты

Мәдина Сәдуақасованың күйеуі үйленгеннен кейін әншінің сахнаға шығуына тыйым салған

Сақ бол, Баян: Түсіпбаева сериалды сынаған зиялылардың президентке дейін баратынын айтып қорқытты

Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді

Талқылау