Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер атанған оралдық қаңғыбас ақшасын қайда жұмсайтынын айтты

Владимир Радкеевич расында да екі миллион рубль ұтқаны жөнінде қағаз алғанын айтады. Алайда, ақшаның өзін ол сәуір айында құжаттарды рәсімдеп болған соң, алуы керек екен, – деп хабарлайды Мой город.

IMG_4559-800x600 (2)

Азаматтың өзі олардың осынша қомақты қаржыны беретініне сенер-сенбесін білмейді. Күмәнданушылар оның алаяқтардың алдауына түсіп қалғанын айтады. Владимирдің айтуынша оған ешкім ақша аудару жөнінде айтпапты. Ол ақшаны берген жағдайда оған баспана сатып алатынын айтады.

«Мен ешқайда ақша аударған жоқпын. Яғни, ешқандай ақша жұмсаған жоқпын. Егер ұтысты беріп жатса – жақсы болар еді, ал бермесе – өздері білсін», – дейді Владимир.

Еске сала кетейік бұған дейін оралдық үй күйі жоқ кезбенің миллионер атанғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау