Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиондап пайда табатын 14 жастағы суретші туралы фильм түсірілді (фото)

6 жасында алғашқы көрмесін өткізген британиялық 14 жастағы суретші Киерон Уильямсонның қазіргі байлығы 2 миллион фунт стерлингке жеткен.

247

Әйгілі BBC арнасы кішкентай баланың таланты оның ата-анасының өмірін қалай өзгерткені туралы деректі фильм түсірді.

Фильмде Киеронның жас вундеркиндтен мойындалған суретші деңгейіне қалай көтерілгені баяндалады. Кейде ол кезекті суретін бастау үшін түнгі үште оянып алады екен.

738

Баланың табысы мен танымалдылығы артқан соң ата-анасы ұлдарының болашағына алаңдап, істі өз қолдарына алған. Қазір олар білікті заңгерлер мен қаржылық кеңесшілердің қолдауымен істі жүргізуде. Мамандар оның суреттерін қазір жоғары бағалап отыр. Бірақ, өсе келе оған стилін өзгертуге тура келеді дейді.

640

“Мен қоғамның ықыласының бәрін жақсы дей алмаймын. Осы жылы портреттерді көп салдым, ал оны көпшілік қабылдамауы мүмкін”, – дейді ол. Ал оның коллекциясында 40 жұмыс болса, соның бесеуінің өзі 100 мың фунтқа сатылып кеткен.

348

Қазір ол мектепке де бармай, таза шығармашылықпен айналысуда. 18 жасқа толғаннан кейін суретшілік бизнесін өз қолына алу жоспары бар.

196

“Мен үшін ақша басты нәрсе емес. Мен ең бастысы өзімнің студияма келіп қылқаламды қолыма алғым келеді. Суретшілік менің қаныма сіңіп кеткен дүние секілді”, – дейді Киерон.

Оқи отырыңыз:

Халық үнемі жартылай жалаңаш киінетін Олжас Сүлейменовтің қызын сынады (фото)

Таиландта жас қызды өлтіріп, бөлшектеп кеткен қыздар ерекше танымалдылыққа ие болды (фото)

Гейлердің үйлену тойы бүкіл әлем мұсылмандарының ашуын тудырды (фото)

Қасқырлардың сирек кездесетін түрі: Олар мұхитта тіршілік етіп, суда еркін жүзеді (фото)

Талқылау