Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллион теңге пара алған Алматы қалалық экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Алматы қалалық коррупцияға қарсы күрес департаменті қалалық экология департаменті басшысының орынбасарын ұстады.

20160804135037

Жемқорлыққа қарсы күресетін департамент Сержан Ұлдарбековты пара алғаны үшін тұтқынға алды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сержан Ұлдарбековтың өз қызметін пайдалана отырып, жеке мүддесі үшін жұмысқа орналастырамын деген уәдемен 1 000 000 теңгеден астам пара алғаны мәлім болды.

Қазіргі таңда департамент басшысының орынбасары Алматы қалалық ІІД уақытша тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыздар:

Бір миллион доллар пара алған “Қорғас” басшысы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 бірдей ауыл әкімі парамен ұсталды

Лауазымды офицер парамен ұсталған соң Қорғаныс министрлігінде тексеріс басталды

Талқылау