Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардерлер керемет яхталар сатып алуға бұрынғыдан көп қаражат жұмсауда

2015 жылы планетамыздың ең бай адамдарды ұзындығы 24 метрден асатын супер яхталар сатып алу үшін жұмсайтын шығынды өсірген.

ысыс

Сурет Y.Co

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Шығын көлемі бұрынғыдан 40 пайызға артқан. Суперяхта өндіретін компанияның бас директоры Чарли Биркеттің айтуынша, сатылым көлемі 2000 жылдардың бас кезіндегі деңгейге жақындаған. Ол жылдың соңына дейін ұзындығы 100 метрден асатын 48 суперяхта сатылады деп болжап отыр.

Биркет сондай-ақ, дизайн үлгісі де өзгеретінін айтты: Бұрын байлар бірнеше полубасы бар яхталарға тапсырыс берсе, қазір көбісі кең бір полубалы яхталар алуды қалайды екен. Директор сатып алушылардың жасарып келе жатқанын да атап өтіпті.

Осы жылдың ақпан айында италия полициясы мафиямен байланысы бар деген күдіктінің “Қара жалын” атты яхтасын алып қойған. Ол яхта бұрын диктатор Бенито Муссолиниге тиесілі болыпты. Қаңтар айында Ұлыбританияның әйгілі премьер-министрі Уистон Черчиллге тиесілі яхта сатылымға қойылған болатын. Кеме 2 миллион евроға бағаланған.

Былтыр Roust холдингі мен “Русский стандарт” банкінің иесі Рустам Тарико 56 метрлік яхтасын сататынын жария еткен. Жалпы, Ресейліктер суперяхта саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Оларда 18 данасы бар екен. Екінші орында 16 кемемен АҚШ; үшінші орында 10 яхтасы бар Сауд Арабиясы азаматтары екен.

Талқылау