Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер Гонконгтағы ғимаратының бір бөлігін 5,2 млрд долларға сатты

Миллиардер Ли Кашинге тиесілі CK Asset Holdings Ltd компаниясы Гонконгтегі The Center зәулім ғимаратының 75%-ын сату туралы келісімге қол қойды.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

5,2 млрд долларға бағаланған Peaceful Development Asia Property жылжымайтын мүлік саудасы бағасында рекордты жаңартты. CK Asset-тің келісімнен түскен пайдасы 14,5 млрд гонконг долларын құрайды.

Аталған ғимарат 73 қабаттан тұрады. Ол Гонконгтың орталық ауданында орналасқан. Қала бойынша ең биік ғимараттардың бесіншісі. Мұнымен қатар, кеңселік жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша бұл қала әлемде бірінші орында тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін

Сарапшылар базардағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді

Семейде 45 жастағы азамат пойыз келе жатқанда әдейілеп рельске басын қойған

Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі

Талқылау