«Милан» футбол клубы қытайлықтарға 740 млн еуроға сатылды

Жұма, 14 Сәуір , 2017 8:50

Италиялық кәсіпкер Сильвио Берлускони «Милан» футбол клубын қытайлық компанияға сатты.

ball3jpg695x20000q1002qlo3due

Берлускониға тиесілі Fininvest фирмасы қытайлық-америкалық Sport Investment Lux консорциумына клубтың 99,93 пайыз акциясын сатты. Келісімшарттың құны 740 млн еуро. Аталған қаржының 220 миллионы «Миланның» қарыздарын өтеуге жұмсалмақ. Берлускони «Милан» клубын 1986 жылы сатып алған болатын. Содан бері команда Италия чемпионатын 8 рет, Италия Кубогын 1 рет, елдің супербкубогын 7 рет, Чемпиондар лигасын 5 рет, УЭФА суперкубогын 5 рет жеңіп алды.

Екі рет континентаралық кубоктың, бір рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Соңғы рет ақ-қара түсті киімділер 2010/11 кезеңінде А сериясын жеңіп алған болатын. Ағымдағы маусымда команда 31 турдан кейін көш басында келе жатқан «Ювентустан» 20 ұпайға кейін қалып, 6 орында келеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар