Микрофоны қосулы қалған Кэмерон «жемқорлық ең көп жайлаған елдерді» атап қалды (видео)

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 20:00

Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон патшайым Елизавета II ғана естіп, білуі тиіс болған әңгімені байқаусызда бүкіл әлемге жайды.

facdd64f15a80e601172a93247bc7ffb

Сурет: 24smi.org 

Ертең Кэмеронның бастамасымен Лондонда өтетін антикоррупциялық саммитке қай елдің басшылары келетінін патшайымға баяндаймын деп тұрып, премьер соған дейін болған шара кезінде қолданылған микрофонның әлі қосылып тұрғанын байқамай қалды.

«Әңгіменің ашығын айтсақ, Британияға әлемдегі жемқорлыққа белшесінен батқан екі елдің басшысы келе жатыр. Нигерия мен Ауғанстан дүние жүзіндегі сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан елдер деуге болады»- деді Кэмерон.

Монархтардың абыройы болғанда, бұған патшайым Елизавета ІІ ешнәрсе деп үн қатпады. Тек сол жерде премьер жанында тұрған Кантербёри Архиепископ Джастин Уелби ғана «бірақ президент жемқор емес қой» деп айтып қалды. Бірақ, британдық дінбасының нақты қай президент туралы айтқанын жұрт біле алмай, күпті көңілде қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Дэвид Кэмерон мұсылман қыздарды өзгелермен тең көруді талап етті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар