Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Микрофонды қоя салып шашуға жүгірген әншілер жұртты күлдірді (видео)

Ән айтып тұрып шашудың кәмпитін теріп кеткен әншілер желідегілерді күлдірді. Олар әншілердің қарапайым мінездеріне риза болғандарын айтып жатыр.

амаку

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Қайрат Нұртас кішігірім отырыстардың бірінде сахнада ән айтып тұрады. Әженің шашу шашып жүргенін көрген Сәкен мырза ол кісіден сахнаға да шашуын өтініп, артынша жерден кәмпит жинауға кіріседі.

“Микрофонды қоя салып шашуға жүгіретін ырымшыл қазақпыз ғой. Шаңырақтарыңызда шашу шашыла бергей”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Ал желі қолданушылары өз кезектерінде әншілердің қарапайым мінезіне таңқалатындарын айтып жатты. “Сондай қарапайымсыздар. Ғұмырлы болыңыздар! Кейбіреулері кісі болып шашуға қарамай тұрушы еді”, “Мейрамбек мырза біздің жерлесіміз. Ол кісіні ерекше мақтан тұтамыз. Сәкен, жарайсыңдар!”, “Мейрамбек пен Сәкен қарапайымдылықтарымен ұнайды”, “Дұрыс айтасыз! Бәріміз де сол жақсылыққа жете берейік. Екі-үш кәмпитке таласатынымыз бар” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Бағдат Сәмединова: Уақытты сылтауратып жылағандардың жанынан зуылдап өте шығамыз

Дастан Оразбеков: Астанаға көшіп келсем деген ниетім бар

Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)

Талқылау