Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаэль Шумахердің емі үшін айына 500 мың еуро жұмсалады

Немістің әйгілі автоспортшысы, жеті дүркін әлем чемпионы, «Формула-1» жарысының жеңімпазы Михаэль Шумахердің емі үшін қомақты қаражат жұмсалса да, спортшының денсаулығы әлі де ауыр.

Михаэль Шумахердің емі үшін айына 500 мың еуро жұмсалады

Францияның Le Parisien басылымы спортшының емі үшін 500 мың еуро жұмсалатынын жариялады. «Михаэль спортта жүріп 715 миллион еуро табыс тапты. Қазірде бұл ақша еміне толықтай жеткілікті.

Алайда, қазірдің өзінде оның отбасы арнайы түрде тапсырыспен жасалған, түрлі жабдықпен жабдықталған Ferrari FXX Evoluzione көлігін 11,2 миллион еуроға сатылымға шығарды. Бір жыл көлеміндегі Шумахердің физикалық тұрғыдан жағдайы өзгеріссіз, бір қалыпты. Әлі де туыстарымен сөйлесіп, өз бетімен қозғала алмайды. Ал салмағы бар-жоғы 45 келі. Бұл оның өз салмағынан 25 келі жоғалтқан. Ең өкініштісі, спортшы әлі күнге айналасында не болып жатқанын түсінбейді», – деп жазады басылым.

Михаэль Шумахердің менеджері Сабина Кем осыдан жеті ай бұрын оның жағдайы жақсарып келе жатқандығын айтқан болатын. Бірақ осыдан кейін тілшілерге тұщымды жауап қайтармай, тек желтоқсан айында ғана бұл сөздерінің шындыққа жанаспайтынын мойындады.

Айта кетейік, 46 жастағы неміс спортшысы 2013 жылы Францияның Мерибеле таулы аймағында шаңғы теуіп жүріп, қатты құлаған болатын. Салдарынан бассүйек-ми жарақатын алып, миының екі жартышарына зақым келді.

Бүгінде ол 2014 жылдың қыркүйегінен бастап, Женева өзенінің жағасында орналасқан зәулім үйінде ем-дом қабылдап жатыр, деп жазады sport.ru.

Талқылау