Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Саакашвили кеңестік кезеңнің 100-ге жуық ескерткішін сүріп тастауды бұйырды

Украинадағы Одесса облысының басшысы Михаил Саакашвили аймақтағы кеңестік кезеңнің 100-ге жуық ескерткішін сүріп тастауды бұйырды. Бұған дейін ел президенті Петр Порошенко кеңестік дәуірдің белгілері мен қайраткерлеріне берілген елді мекен, көше атауларын өзгертуге міндеттейтін бұйрыққа қол қойған.

вмвм

Сурет rodina.news

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал наурыз айының ортасында Запорожьедегі Ленинге орнатылған ең үлкен ескерткіш бұзылды.

Одесса басшысы жүзге жуық кеңестік кезең белгілерінің жойылуын өзі бақылайтынын айтқан. Сүрілуі тиіс нысандар ішінде оннан астам Лениннің ескерткіші, одан өзге Фрунзе, Чапаев, Дзержинский сынды КСРО қайраткерлерінің де тас мүсіндері бар. Тіпті, ғимараттардағы КСРО-мен байланысты жазулар да, орақ пен балға символы да өзгеруі тиіс. Бір жыл бұрын кеңес өкіметінің геноциді мен репрессиясын бастан өткерген Украина КГБ-ның бүкіл құпия құжаттарын жариялау туралы заң шығарған.

Талқылау