Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Саакашвили кабинетін тас жол бойындағы шатырға ауыстырмақ

Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили өзінің қызмет бабындағы кездесулері мен қабылдауларын тас жол бойындағы тігілген шатырда өткізетінін айтты.

1dee9d66-ed1e-450a-bea7-27f2f021f6ef

Сурет Фейсбуктен алынды

Бұл туралы МИР24 порталы хабарлайды.

“Келесі аптада мен өзімнің кабинетімді Одесса-Рени тас жолы бойына ауыстырамын. Барлық іскерлік кездесулер мен қабылдаулар осы жаңа жұмыс кабинетімде болады. Жұмыс жүріп жатқан алаң толықтай 100 пайыз қаржыландырылмайынша мен бұл шатырды тастап кетпеймін. Адамдарды мазақ етуді қою керек”, – дейді Саакашвили.

Губернатордың сөзінше, Одесса-Рени тас жолы бойындағы жөндеу жұмыстарының қаржылық тұрғыдан әлсіз болуы оның көңілінен мүлде шықпайды. Сол себепті одессалық губернатор 7 маусым күні Укранинаның премьер-министрімен кездесіп, осы мәселелерді талқыламақ.

Талқылау