Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мидың жұмысын жақсартудың сүннеттегі 3 жолы

Күн сайынғы интернет, телевизор, әлеуметтік желілерден керекті-керексіз ақпараттарды қабылдаған миымыз әлсіреп, жұмысы нашарлайтыны белгілі.

photo_24834

Осыған орай ғалымдар миды тынықтырып, оның жұмысын жақсартудың түрлі әдістерін ойлап табуда, деп жазады islam.kz.

Ал нейробиологтар Ньюберге пен Уолдманның мына тиімді 3 әдісін осыдан он төрт ғасыр бұрын ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткен:

1.Күлімсіреу. Нейрологиялық тұрғыдан алғанда жымию мен күлімсіреу ми қантамырларының жұмысын жақсартып, денсаулықты да нығайтады. Бұлармен қоса, сүннет бойынша, күлімсіреу – садақа екендігі белгілі.

2.Терең ойлану, оқу-білімге құштарлық. Алланы жиі еске алу, тәфаккур (терең ойлану), шүкіршілік ету, оқу-білімге құштар болу – есте сақтау қабілетін арттырып, мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы.

3.Құлшылық. 5-10 минуттық намаз, дұға етудің өзі нерв жүйелеріне оң әсер етеді: ағзада антистресстік гормондар артып, тыныштандыратын, депрессиядан арылтатын дофамин, серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады.

Жіберіп алмаңыз:

Британиялық әжеге бала көтеру үшін қайтыс болған қызының аналық жасушасын қолданбақ

Аналық жасушаның қатысуынсыз-ақ сәбилердің өмірге келуі мүмкін

Тыр жалаңаш ұйықтаудың 3 түрлі себебі

Кәдімгі аспириннің 10 түрлі пайдалы жағы

Талқылау