Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мидың қызметін жақсартудың қарапайым әдісі табылды

Пенсильвания университетінің ғалымдары құрамында темір мөлшері жоғары тамақ өнімдері есте сақтау мен зейінді жақсартуға көмектесетінін анықтады.

Мидың қызметін жақсартудың қарапайым әдісі табылды

Бұл жөніндегі мақала «Journal of Nutrition» басылымында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мамандар мұндай қорытындыға үндістандық жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп келді. Зерттеу барысында оларға минералды қоспалармен әзірленген інжу тарысы берілді.

Темірдің жетіспеушілігі – әлемдегі минералдарды заттардың ең көп тараған кемшіліктерінің бірі. Ал темір тапшылығы анемиясы балалар мен ересектер арасында мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар, ғылымда балалар мен жасөспірімдердің когнитивті қабілеттеріне темірдің тигізер әсері көп айтыла бермейді.

Ғалымдар жүргізген тәжірибеге Махараштра штатында тұратын және бір ауылдағы мектепте оқитын әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 12-16 жас аралығындағы 140 бала қатысты. Қатысушылар екі топқа бөлінді, олардың бірінде жасөспірімдер қарапайым інжу тарысын, ал екіншісісінде құрамында темір бар дақылдарды тұтынды.

Алты айдан кейін зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің ағзасындағы темір құрамы жоғарылап, балалар зейін мен есте сақтауға арналған тапсырмаларды әдеттегіден жақсы орындай бастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау