Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Microsoft вице-президенті Apple  смартфонын пайдаланатынын білдіріп қойды

Microsoft мобильді жүйесінің вице-президенті Джо Бельфиоре Twitter шағынблогына хабарламаны iPhone телефоны арқылы Жапонияның Киото қаласынан хабарлама жіберген.

70321b47f68953

Бұл туралы The Verge хабарлайды.

Желі қолданушыларының бірі мұны байқап қалып, қандай телефон пайдаланатынына қызығушылық танытқан. Вице-президент суреттің Sony RX-100 камерасына түскенін, кейін iPhone телефонына жіберілгенін айтады.

Бельфиоре бұл әрекетіне байланысты бәсекелес компания өнімінің артықшылықтары мен кемшіліктерінен хабарлар болу керектігін айтып ақталды.

Джо Бельфиоре Windows Phone мобильді жүйесінің бөлімін басқарады. Ол 2015 жылы қаңтар айынан бстап 6 айға демалыс алып, отбасымен әлем елдерін аралайтыны туралы Facebook желісінде жариялаған болатын.

Талқылау