Мейвезер: Мен бокстан адам сенгісіз ақша жинадым, сондықтан қайтып оралудың еш мәні жоқ

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 0:21

The Ring рейтінгінің бұрынғы көшбасшысы, ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық Флойд Мейвезер өзінің спорттан тапқан табысы туралы айтты.

534432

Сурет sovsport.ru сайтынан алынды

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Ұлыбританияға жасаған сапары барысында Әмір Хан тарапынан айтылған сыни ойға қатысты да өз пікірін білдірді. Британиялық боксшы тек Сауль Альварес екеуі ғана бокстың нағыз бет-бейнесі санайтынын айтқан еді.

“Мен олардан біраз жасқа үлкенмін. Келесі жылы 40 жасқа толамын. Спорттың менімен қоштасқанын қаламаймын. Мен спорттан өз шарттарымен қоштасқым келеді. Мен осы спорттың арқасында 800 миллион доллардай болатын естен тандырарлық ақша жинадым. Енді маған спорт залына оралудың қандай қажеттілігі бар. Одан да мен басқаларды жаттықтырамын”, – деді Мейвезер.

Еске сала кетсек, Мейвезер кәсіпқой рингте 49 кездесу өткізіп, барлығында да қарсыластарынан айласын асырған. Ал Альварес пен Хан арасындағы кездесу 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар