Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке қандай жағдайда шығатынын айтты

Өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағанын жариялаған әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) рингке қайта оралуы мүмкін. Ол тіпті кездесуі мүмкін екі қарсыласының есімін атады.

1449231047_b_flojd-mejveze

Сурет: www.championat.com 

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Олардың бірі – қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс.

«Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер.

Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы – WBC бойынша  жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО).

«Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», – деді Флойд Мейвезер.

Талқылау