Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаевтың өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатты (видео)

Дүркіретіп той тойлаған Мейрамбек Беспаевтың кезекті биі ғаламторда таралып кетті.

мейрамбек би

Бұған дейін інісі Мейірбек Беспаевтың үйлену тойында би билеген қазақ сахнасының серісі тыңдармандарын сүйсінткен еді. Байсалды мінезімен ерекшеленетін әншіден мұндайды күтпесе керек-ті, халық аталмыш бейнежазбаны қызу талқыға салды.

Отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында әнші видеоны кімнің түсіргенін білмейтінін, алайда ешкімге де ренжімейтінін айтты.

«Енді әрқайсысының телефонына мен қақпақ бола алмаймын ғой. Тойдың көріністері, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Кетсе кетіп қалған шығар. Кім билемейді? Қуанған кезде бәріміз де билейміз. Сондай сәттер ғой», – деп айтқан еді. Оның бұл пікірін сахналас-досы Сәкен Майғазиев те құптады:

«Той болғаннан кейін, қуаныш болғаннан кейін бүрісіп-тырысып отырмай, сынап-мінеп келмей, тойдың аты той. Тойға арналған әндер, тойдың өзінің мәдениеті болады. Еркін сезінетін кездер болады. Жауапкершілігі мол салтанатты кештерде көп шошаңдай бермейсің, өз орныңды білесің. Өзіңді құда сезініп… Ал билегеннің ешқандай оғаштығы жоқ деп ойлаймын».

Желіде Мейрамбектің кезекті биі қызу талқыға салынды. Әнші өзінің 40 жас мерейтойында биден шашу шашты.

Одан бөлек, кеш барысында тойға келген эстрада жұлдыздары «паровоз» жасап би биледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

Талқылау