Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясының бренд-амбассадоры атанып, қазақстандық футболды жарнамалайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеп.

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Луина, Әсел Садуақасова сынды қазақстандық танымалдар Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды.

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Енді Мейрамбек Бесбаев бастаған отандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болады. Қазақстан футбол федерациясымен келісім жасасқан танымал тұлғалардың қаратында Бесбаевтан басқа Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Луина, Нұрлан Еспанов, Жәния Джуринская, Марат Оралғазин, Гүлназ Жоланова, Аян Бірбаев бар.

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Қазақстандық футболды жарнамалауға таңдап алынған отандық шоу-бизнес жұлдыздарының  әрқайсысының әлеуметтік желілерінде мыңдаған немесе миллиондаған оқырманы бар. Мыңдаған оқырман санымен де көзге түскен танымалдар енді әлеуметтік желі арқылы ұлттық құрама ойындары мен шараларын хабарлайтын болады.

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Қазақстан футбол федерациясымен келісім жасасқан жұлдыздар өз міндеттеріне жақын уақытта кіріседі. Олар УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасында Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын туралы алдан ала хабарлайды. Аталған кездесу 6 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан бастаған эстрада және кино жұлдыздары қазақстандық футболды жарнамалайтын болды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау