Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев: Өзімді керемет әншімін деп санамаймын

Мейрамбек Беспаев өзін кәсіби әншілер қатарына қосса да, өзінен асып түсетін әріптестерінің көп екенін айтты. Мұнымен қатар, Асхат Тарғын мен Димаш Құдайбергеновты мысалға ала отырып, әр әншінің өз деңгейі бар екенін сөз етті.

19624164_1962605253974747_8497748083973554176_n

Сурет: Мейрамбек Беспаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Менен асқан әншілер болған және алдағы уақытта да болады. Мен өзімді керемет әншімін деп санамаймын. Бар болғаны, өнерде бағы жанған өнерпазбын. Бірақ, өзімді кәсіби музыканттар қатарына жатқызатыным рас. Себебі, бала күнімнен осы музыкалық мектепте оқыдым. Одан кейін де консерватория мен театр институтының төңірегінде жүрдім. Әлі күнге дейін өнердемін. Өзімді бір сатыға көтеретіндей кішкене білім алдым деп айта алатын шығармын.

Құдайға шүкір, әнді шегіне жеткізетін мықты әншілер бар. Ең бастысы, әнді түсініп айту қажет. Не туралы айтып жатқаныңды түсінуің тиіс. Кезіндегі “Бозторғай” әні менің бала даусыма шақ келіп, жұрт бірден қабылдады. Сол сияқты мен бағы жанған өнерпаздардың қатарындамын. Қанша мықты әнші болса да, әрқайсысы өз деңгейінен аса алмайды. Яғни әр әншінің өзіндік деңгейі болады. Асхат Тарғын сияқты той деңгейіндегі әншілерден мен керемет күтпеймін, халық та күтпейді деп ойлаймын.

Олардан мұңды поэзия күте алмаймын. Өйткені, ол өз деңгейіндегі әнді тапты. Осы әннің деңгейінде халықты қуантып, тойларды “жандыра” алады.  Сол сияқты мені қанша мақтаса да, өзімнің деңгейімнен шыға алмаймын. Өзімнің әлім жететін әндерді айтуға тырысамын… Бір әншіні алып оны Димаштың деңгейімен салыстыруға болмайды. Оның жолы бөлек, басқа әншілердің жолы бөлек”, – дейді Мейрамбек Беспаев.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

“Әлем миссисі-2017” байқауына Қазақстан атынан 31 жастағы Камилия қатысады (фото)

Ерке Есмахан ұлының әкесімен кездесуіне рұқсат берді

Бейтаныс еркекпен секіріп би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

Талқылау