Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев отбасын Римге апарып қыдыртты (фото, видео)

Әнші отбасымен бірге Италияның астанасында демалып жатыр.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші жазғы демалысын Еуропаға саяхатымен аяқтағысы келсе керек. Дәл қазір ол отбасымен бірге Римде жүр. Аталған қалада Коллизей сынды мәдени ошақтарды аралауды жөн көрген. Мұнымен қатар, өзімен бірге достарын да ерте барған екен.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Олар қаланың ішін үстіңгі бөлігі ашық тұратын көлікпен аралаған. Мейрамбек саяхатының қызықты жерлерін таспалап, естелік видеосын бөлісті.

Мұны көрген желі қолданушылары оларға ақ тілектерін жаудырды. “Жарайсың, балапан! Әкеңнің абыройын бағалай біл!”, “Рахат сіздердікі ғой, жаным. Қыдырғанға не жетсін?!”, “Керемет! Аллам тіл-көзден сақтасын” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

40 жастағы Мейрамбек Беспаев ЕҰУ-ге оқуға түспек

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Талқылау