Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Өздерінің киіну стилімен жастарға кері тәрбиесін беріп жатыр деп айыпталған “Ninety One” тобына қатысты дау әлі де толастар емес. Бұл жолы өнердегі аға-әпкелері Сәкен Майғазиев пен Алуа Қонарова “Ревю” бағдарламасында өздерінің сыни пікірлерін айтып, біржыныстыларға ұқсамауға кеңес берген-ді. Мұнымен қатар, Мейрамбек Беспаев та аталған топқа қатысты әзіл айтқан екен.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Топ жетекшісі Ерболат Беделхан халықтың қысымынан моральдық-психологиялық тұрғыдан қатты шаршағанын айтады. Алайда, шешінген судан тайынбас демекші, аталған топ өкілдері шығармашылықты әрі қарай дамытуға күш салмақ.

“Мен қоғам алдында жауап беретіндей ешнәрсе істеген жоқпын. Адамдармен төбелескім де, соғыс жалауын көтергім де келмейді”, – дейді топ продюсері Ерболат Беделхан.

Ерболат Беделхан продюсерлік ететін “Ninety One” ұжымына атылған сын оқтарының саны артпаса, азаятын емес. Біреулер аталған жобаны жақтаса, кейбіреуі даттауда. Солардың бірі – Сәкен Майғазиев.

9NiC3dR2iNAZ2Ov884kl19CcJUKsfF

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

“Біржыныстылықтан Алла сақтасын. Қыз қызға, еркек еркекке үйленіп жатқан шайтини тірліктерге жақын болмаңдаршы. Жігіттердің көзін бояп, сырға тағып, шашын бояғаны жақсылыққа алып бармайды. Әсіресе сендерді тыңдайтын жас жеткіншектер, мектеп оқушылары бар. Солардың бағытын бұзбаңдаршы. Әп-әдемі Ринголар, Ордалар құсап жүре беруге болады ғой”, – деп Сәкен Майғазиев жігіттерге трансвистит болудан сақтануға кеңес берді.

Аталған топқа қатысты Мейрамбек Беспаев та пікір білдіріп, олардың сыртқы келбетіне қатысты әзіл айтқан екен. Бұл туралы досы әрі әріптесі Сәкен Майғазиев айтып берді. “Мейрамбек бірде қалжыңдаған еді. Ертең үйленсе, “Жаным, менің сырғамды көрмедің бе?” деп қалай айтады екен деп күлдірді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

55ded45b17c16

Фото: instagram.com/aluakonarova/?hl=ru

Алаш ұлы жігіттері жұрт ескішілдікке салындың деп күлсе де, нағыз қазақ жігітінің болмысын жоғалтпауға кеңес берді. Ал продюсер Алуа Қонарованың ойы бұл жігіттермен түйіспейді. Ол “Өте жақсы жігіттер. Тәрбиелі әрі талантты топ деп те айта аламын. Өзіндік болмыстары бар. Олар қазақстандық шоу-бизнесте революция жасады”, – деп жігіттер киіну стилінің сахналық фишкалары екенін айтып өтті.

Топқа қатысты өнердегі ағалары мен әпкелерінің пікірі әртүрлі. Десе де жігіттер мұнымен тоқтамай, қатарларын 8 адамға дейін толықтыруды жоспарлап жүр.

Естеріңізге сала кетсек, Ерболат Беделханның “Ninety One” тобын қаралаған діндарлардың дәлелсіз айыптағанын анықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау