Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев келін түсіріп, қайын ата атанды (фото, видео)

Мейрамбек Беспаевтің інісі Мейірбек Беспаев шаңырақ көтерді. Ал халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев құда атанды.

 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев Рабиға арудың ұзату тойынан үзінді жариялап: «Шиеліге барып құда болып қайттық. Қуанышымызда шек жоқ. Мейірбек-Рабиға бақытты болыңдар!» – деп халықтан сүйінші сұрады. 

Қазақтың салты бойынша, Беспаевтар әулеті Шиеліге барып, қызға құда түскен. Дәл осы күні дәстүр бойынша «сырға салу» рәсімі өтіп, кешқұрым қыз ұзату тойы тойланған. Мейрамбектің жұбайы Мархабат болашақ келініне сырға тақты.

Айта кетейік, Мейрамбектің жары Мархабат та Қызылорда облысының тумасы. Жаңа түскен келіндері де аталмыш облыстың Шиелі ауданынан.   

Желі қолданушылары Мейрамбекті қайын аға болуымен құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі. Қызды көтеріп алып шығу – қазаққа жат қылық екенін айтып, ренжігендер де табылды.

«Екі жас бақытты болсын», «Қайын аға болуыңызбен, Мәке», «Құдалығың мыңжылдық болсын», «Қалыңдықты көтеріп алу қазаққа ерсі», «Келінді көтеріп алып кетпесе бармай ма?» – деп жазды желі оқырмандары.

Келін түсіріп, құда болған Беспаевтар бұл қуанышты әнші Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағанда жалғастырған ұқсайды. Оған Мейрамбектің мына бір жазбасы дәлел.

@zattybek нағашымның шаңырағында қуанышты бөлісіп отырған сəт.

Фото опубликовано @m_besbaev

Жіберіп алмаңыз: 

Италияға барған Мейрамбек жазғы демалысын Франция мен Ватиканда жалғастырмақ (фото)

Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев отбасын Римге апарып қыдыртты (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)

 

 

Талқылау