Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев пен Баян Алагөзова Бүркіттің фильміне тегін түскен

Тырнақалды фильмі сәтсіз шықса да, Бүркіт кинематографияға басқан аяғын кері тартпады. Екінші фильмін түсірді. Ал ең қызығы, атағы аспандап тұрған танымал жұлдыздар Бүркіттің комедиясына тегін түскен болып шықты.

Мейрамбек Бесбаев пен Баян Алагөзова Бүркіттің фильміне тегін түскен

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күні кеше Бүркіттің “Загадай желание” атты картинасы көрерменге жол тартты. Аталған фильмге Баян Алагөзова, Мейрамбек Бесбаев, Нұрлан Қоянбаев, Саят Исембаев сынды белгілі өнер азаматтары түскен. Ең қызығы, танымал “жұлдыздар” Бүркіттен бір тиын да алмаған.

“Мені сыйлайды. Мен оларды сыйлаймын. Сондықтан да, біздің өз арамызда келісімшарттар бар… Доспыз ғой, дос ретінде. Достар бірінен ақша алмайды”, – деп мақтанды Бүркіт.

Фильмде басты рөлді жас әнші әрі актриса Индира Еділбаева сомдаған. Танымал әншілер фильмге тегін түскенімен, бойжеткен кинодағы дебюті үшін екі ән жаздыруға жететіндей гонорар алыпты. Ал бір әнді жаздыруға шамамен бір миллион теңге қаражат кетеді, дейді Бүркіттің өзі.

Айта кетерлігі, алғашқы кинокартинасы жарыққа шыққанда қатал сынға іліккен Бүркіт елдің сөзіне дайын екенін жеткізді.

“Мен егер сынды жүрегіме қатты, жақын сезінсем, мен бірінші киноға дейін киноға жоламас едім”, – дейді Бүркіт.

Режиссер Жеңісхан Момышевтің айтуынша, Бүркіттің екінші фильмі алдыңғысынан қарағандай әлдеқайда сапалы шыққан.

“Жеңіл комедия. Күліп, қарап шығуға болады. Бір енді қатты ой жатқан жоқ ішінде”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау