Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейманханалардан қандай заттарды ұрлауға болатыны аталды

Шет елдердегі мейманханалардың қызметкерлері мейманханадан ұрлауға болатын және өзіңмен бірге алып кетуге тыйым салынған заттарды атады.

Мейманханалардан қандай заттарды ұрлауға болатыны аталды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

 

Мейманханадан өзіңмен бірге алып кетуге рұқсат берілетін заттар – түрлі бөтелкелер (сусабын, душқа арналған гель, иісмай), сонымен қатар бір реттік қолданысқа арналған тәпішкелер.

«Бұл қалыпты жағдай. Біз тәпішкелерді екі қайтара қолданбаймыз. Сондықтан келушілер оларды алып кете алады», – дейді The Savoy мейманханасының басқарушысы.

Сонымен қатар кей мейманханаларда өзіңмен бәрге қолшатырды алып кетуге болады. Brown’s Hotel мейманханасының қызметкері Дэвид Янгтың сөзінше, келушілерге қолшатыр ұрлағаны үшін айыппұл салынбайды.

«Сонымен қатар бұл тамаша маркетингтік әдіс», – дейді ол.

Алайда мұны барлық мейманхана қызметкерлері құп көрмейді.

Янгтың сөзінше, келушілер мейманхананың брендтелген қойын дәптері мен қаламдарын ала алады.

Ал мейманханалардан ұрлауға тыйым салынған заттар қатарында жастықтар, пульттің батареясы, Інжіл кітабы, дәретхана қағазы мен халат бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау