Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас ер адам өзіне бір бүйрегін берген мейірбикемен отбасын құрды (фото)

Үш жыл бұрын мейірбике болып жұмыс істейтін әйел сүйіктісіне бүйрегін берген. Оның бүйрегінің науқастың ағазысымен сәйкестігі 99%-ды көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Италияның Пиза қаласында Джакомо Скинази мен Чинция Стракуадани үйлену тойын тойлады.

Жергілікті еврейлер қауымының хатшысы Джакомо Скинази мен мейірбике Чинция Стракуадани 2013 жылы танысқан. Стракуадани қалалық аурухананың диализ бөлімінде мейірбике болып жұмыс істеген. Дәл  осы ауруханада Скинази бүйрек жеткіліксізідгенен емдеп жатқан екен. Ол өзіне аптасына үш рет дәрі тамызғыш қойып жүрген мейірбикені ұнатып қалады.

Мұнан кейін мейірбике науқас ер адамға жасалған емнің тиімді болмағанын білген. Оған шұғыл түрде бүйрек трансплантациясын жасау керек болыпты. Жүрек үніне сенген Чинция бірден анализ тапсырған. Нәтижесінде мейірбике мен науқастың тіндік сәйкестігі 99% болып шыққан. Мейірбике көп ойланбастан, бірден бүйреген беру туралы шешім қабылдапты.«Оны алғаш көргенім әлі есімде. Көзінен күмән мен қорқынышты байқадым. Сол кезде оның жағдайы жақсы болғанын бар көңіліммен қаладым», – дейді Чинция.

Ота 2014 жылдың шілде айында жасалды. Бұл уақытта науқас пен донорды арасында сезім ұшқыны пайда болып үлгерген. Алайда Джокомо отбасын құрудан бұрын, денсаулығын қалпына келтіруі тиіс болған. Ер адамның сауығуына біршама уақыт қажет еді. Себебі бір жылдан кейін Скиназидің организмі донордың бүйрегін қабылдамаған. Десе де барлығы сәтті аяқталып, ғашықтар отбасын құрды. Үйлену рәсімі өткен аптада өтті.

Қалыңдық өзінің болашақ күйеуіне қамқорлық көрсеткен кездерін жымия еске алады.

Италияда мұндай жағдай алғаш орын алып отырған жоқ. Бір жыл бұрын 52 жастағы ер адам 44 жастағы сүйіктісіне бір бүйрегін берген еді. Осылайша ол сүйіктісіне 8 наурызға сыйлық жасаған.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда перзентханада ауысып кеткен балалар өз ата-анасына қайтып бармай қойды

Әйел ауа орнына от үрлеген феннің кесірінен өртеніп кете жаздады (видео)

Қытайда мұсылмандар лагерьлерге қамалып жатыр

Дронның кесірінен әуе апаты орын ала жаздады (видео)

Талқылау