Метро мен жолдарды жауып тастады: Қазақстандықтар Торонто қаласындағы теракт туралы баяндады

Канаданың Торонто қаласында тротуарда кетіп бара жатқан 10 адамды қасақана қағып өлтірген күдікті ұсталды. Көшені қан жоса қылған қаскөй жергілікті колледж студенті боп шықты, деп хабарлады КТК.

Жолдар мен метроны жауып тастады: Қазақстандықтар Торонто қаласындағы теракт туралы баяндады

Ақ фургон тізгіндеген жігіт кенеттен жаяу жүргіншілер жолына шығып, өз жөнімен бара жатқан адамдарды жаппай таптай бастаған. Салдарынан, 10 адам ажал құшты. Тағы 15 тұрғын ауыр жарақаттанды. Көше бойын қан жоса қылған күдікті бірден қарасын батырған. Алайда, алысқа ұзап кете алмады. Оны қанға боялған көлігі арқылы полицейлер лезде тауып алды. Қаскөйдің нені көксегені әзірге белгісіз. Сондықтан, жергілікті билік болған жайтты «теракт» деп атаудан әзірге аулақ боп отыр. Ал 10 адамды жайратып салған күдіктінің есімі – Алек Минасян. 25 жастағы күдікті жергілікті колледждердің бірінде студент екен.

«Ғимараттан ешкімді шығармай, сондай-ақ бөтен адамдарды кіргізбей бекітіп тастады. Метро мен қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатып, жолдарды жауып тастады. Бүкіл халық тек терезеден ғана бағылап тұрды. Қалада ешқандай дүрбелең жоқ. Сауда орталықтары, дүкендердің бәрі ашық тұр. Елдің бәрі күндегідей жұмысқа бара жатыр. Тек қайғылы оқиға болған көше қиылысы ғаны жабық, қалған жолдар ашық. Оқиғаның себебін анықтап, әрі қарай тергеу үшін осы қиылыс жабылған. Ал қаладағы қалған орындар жұмыс істеп тұр»,-дейді Анель Қоспенбетова.

Тағы оқыңыз: 

Индонезияда жезөкшелер мен зина жасағандарға бүкіл халықтың алдында дүре соғылды

Ресейде телефонын ваннаға түсіріп алған оқушыны тоқ соғып қайтыс болды

Басына бес сантиметрлік кілт кіріп кеткен жігіт аман қалды

Ең керемет жұп: 18 жастағы жігіт бітіру кешіне анасын шақырған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар